Құлсары батыр кесенесі
Құлсары батыр кесенесі | |
Жалпы мәлімет | |
---|---|
Статусы |
Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші |
Түрі |
киелі нысан |
Сәулет стилі |
қала құрылысы және сәулет |
Орналасуы |
Солтүстік Қазақстан облысы |
Мекен жайы |
Есіл ауданы, Бұлақ ауылы |
Жөнделген уақыты |
2011 жылы |
Биіктігі | |
Төбесі |
күмбезді |
Картада орналасуы | |
|
Координаттар: 53°49′23″ с. е. 68°25′18″ ш. б. / 53.82306° с. е. 68.42167° ш. б. (G) (O) (Я)
Құлсары батыр кесенесі – Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Есіл ауданы, Бұлақ ауылы.
Кезеңі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жерленген уақыты – 1776 жылы, жаңа кесенесі – 1958 жылы.
Тарихи деректер, аңыздар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1958 жылы атақты Құлсары батыр (1715-1776) ұрпақтары оның жерленген жеріне ескерткіш тас және темір қоршау орнатқан.
2011 жылы терезелер түріндегі аркасы бар күмбез тәрізді кірпіштен тұратын заманауи мазар орнатылды. Кірпіштер Батыс Қазақстаннан әкелінген. Тарихи құжаттарға сәйкес Құлсары батыр Абылай ханның жақын досы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, халықта әулиелігімен белгілі болған.
Халық аңызында атақты Құлсары өзінің жақында қайтыс болатынын болжай отырып: «Мен өлгенде, мені түйенің үстінде ақ киізге салып көтерсін. Ол тоқтаған жерді қазсаңдар, тас табасыздар, ол менің қабірімде тұратын болсын...» - деп сұраған екен. Бұл өсиет орындалды. Батыр көптеген құбылыстарды болжай алған, науқастарды емдеген.
Құлсары батырдың жерленген жері әр түрлі аурудан арылу үшін келетін қажылық етушілердің үнемі назарында.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9