Әскери-теңіз флоты авиациясы
Әскери-теңіз флоты авиациясы — Әскери-теңіз флоты күштерінің құрамды бөлігі. Ол теңізде дербес немесе флот күштерімен өзара байланыста қимыл жасауға, теңіз жағалауындағы құрлық әскерін қолдауға арналған. Әскери-теңіз флоты авиациясы соғыс қимылын жасағанда жаудың теңіздегі және базалардағы кемелеріне, транспорт-десант жабдықтарына соққы береді, жауынгерлік және жағалық объектілерді қиратады, сүңгуір қайықтарды жояды т.б. жауынгерлік міндеттерді орындайды. Әскери-теңіз флоты авиациясы ұйымдық жағынан зымыран алып жүретін теңіз авиациясы бөлімдерінен, қайыққа қарсы қолданылатын т.б. авиация түрлері бөлімдерінен тұрады. Шет мемлекеттердің көпшілігінде теңіз авиациясы әскери-теңізи күштерінің құрамына енеді.
Теңіз авивциясы (Морская авиация) — біркатар мемлекеттерде қарсыластың флот күштерін және оның теңіздегі кәлік кұралдарын жоюға, өзінің теңіздегі кемелік топтарын қалкалауға, әуе барлауын жүргізуге және басқа тапсырмаларды теңіздік және мұхиттық әскери қимыл театрында орындауга арналған әскери-теңіз флоты күшінің (әскери-теңіз күштерінің) түрі. Тапсырмаларды өз алдында немесе флот күшінің басқа түрлерімен, сонымен қатар қарулы күштердің өзге түрлерінің құрамаларымен (бөлімдерімен) бірлікте орындайды. Кептеген мемлекеттердің өскери-теңіз флотының (ӘТК) теңіз авиациясының кұрамына ракеталық, сүңгуір қайыққа қарсы қолданылатын, жойғыш шабуылдаушы, барлаушы және арнайы авиация кіреді. Арнайы авиация радиолокациялық-шолғыншы, радиоэлектронды қарсы әрекеттік, ұшаққа отынды өуеде күю, миналарды сүзу, іздеуші-құтқарушы, байланыс және көлік ұшақ.тарыяан тұрады. АҚШ-тың әскери-теңіз күштерінде, сонымен қатар, теңіз жаяу әскери авиациясы бар. Теңіз авиациясы әуежайларда (су әуежайында) сонымен бірге авиатасығыштарда (тікүшақ тасығыштарда) және басқа кемелерде орналасады. Орналасу сипатына байланысты кемеде орналасқан авиация және құрлықта орналасқан авиация болып бөлінеді.[1]
Мақсаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ресейде флотпен бірлесе әрекет жасаған алғашқы авиация бөлімдері 1912-1914 жылы Балтық және Қара теңіз флоттарының құрамында болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қара теңізде гидро-самолет бөлімдері әуе барлауын жүргізу, жағалық және порттық объектілерді, дұшпан кемелерін бомбалау, атқылау, сүңгуір қайықтарын жою, жау аэродромдарын соққылау мақсатына қолданылды.
Жабдықталуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кеңес теңіз авиациясының тұрақты бөлімдері 1918 жылы құрылды, Петроград түбінде, Балтық пен Қара теңізде, Волга, Кама, Солтүстік Двинада, Онега көлінде ұрыстарға қатысты. Азамат соғысы кезінде теңіз авиациясы негізінен кемелер мен әскерлерді қолдауға пайдаланылды. 1920 жылдардың екінші жартысында теңіз авиациясының жауынгерлік құрамы көбейтіліп, барлаушы самолетпен, бомбардировщик, истребительдермен жабдықталды. 1930 жылдардың орта шенінде Балтық, Қара теңіз, Тынық мұхит флоттарында әскери-әуе күштері құрылды. 1938-1940 ж. Теңіз авиациясының рөлі артып, КСРО Әскери-теңіз флотының ең басты құрамды бөлігіне айналды. Бұл кезде мина-торпедалық авиация өлімдері мен құрамалары ұйымдасты. Ұлы Отан соғысы қарсаңында әскери-теңіз флоты авиациясының жауынгерлік мүмкіндігі артты, флот құрамында 1445 самолет болды. Ұлы Отан соғысында әскери-теңіз флотының 17 авиация бөлімі гвардиялық атаққа, 241 адам «Совет Одағының Батыры» атағына ие болды. 5 ұшқыш «Совет Одағының Батыры» атағын 2 рет алды. Соғыстан кейінгі кезеңде әскери-теңіз флоты авиациясы мейлінше жетілдіріліп, теңіз, мұхиттарда жауынгерлік міндеттерін ойдағыдай орындауға арналған реактивті, барлаушы, қайыққа қарсы қолданылатын самолеттермен жабдықталған.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1976 ж. 3-том, 52-бет
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Naval aviation |