Мазмұнға өту


Дәл қазір
Уики-көктем 2025 мақала жазу байқауы жүріп жатқанын хабарлаймыз

Жобаға қатысу

Мақала жазып, жүлдеге ие болыңыз!


Ең белсенді қатысушылар бағалы жүлдеге ие болмақ!

Шұңғыма

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұхит шұңғымасының схемасы
Пуэрто-Рико шұңғымасы (8385м)

Шұңғыма, мұхит шұңғымасы, тереңсулы шұңғымалармұхит шарасының тереңдегі 5000 метрден астам ұзынша әрі жіңішке келген ойыңқы бөлігі.

Шұңғыма ұзындығы бірнеше мың км-ге, ені – ондаған және жүздеген км-ге жетеді. Дүниежүзілік мұхиттағы ең терең шұңғыма – Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы (тереңдегі 11022 м). Тереңдігі 7 км-ден асатын Тынық мұхитында 12, Атлант мұхитында 3 шұңғыма бар. Әдетте, шұңғыма аралдар доғасының мұхиттық жағына орналасады, мысалы, Алеут, Курил-Камчатка, Филиппин шұңғымалары және құрлық жағалауларының су асты жоталарының баурайымен ұзына бойына созылады (құр-лық пен мұхит аралығындағы өтпелі аймақта), мысалы, Анд тауларының батыс баурайындағы Перу және Чили шұңғымалары. Геологиялық тұрғыдан қазіргі геосинклиналдық құрылымдарды құрайды. Әдетте шұңғыма жоғарғы сейсмикалық және жанартаулық аумақтарымен ерекшелінеді. Шұңғыма табаны тегіс, шөгінді жыныстар (борпылдақ шөгінділер жабындысының қалыңдығы 2 – 3 км-ге жетеді) жапқан, беткейі тіктеу 5. Өзіне тән эндемик фаунасы таралған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]