Сахара Араб Демократиялық Республикасы
Сахара Араб Демократиялық Республикасы араб.: الجمهورية العربية الصحراوية الديمقراطية (Al-Jumhūrīyya al-`Arabīyya as-Saharāwīyya ad-Dīmuqrātīyya) ис. República Árabe Saharaui Democrática | |||||
| |||||
Ұран: «Бостандық, демократия, бірлік» | |||||
Әнұран: «Yā Banīy As-Saharā» | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 27 ақпан 1976 жыл (Марокко және Мавританиядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | араб тілі (испан тілін екінші тіл ретінде қолданылады) | ||||
Елорда | Эль-Аюн (жариялаған); Тифарити (уақытқа қазіргі орны, Бир-Лелу бұрынғы) | ||||
Ірі қаласы | Эль-Аюн | ||||
Үкімет түрі | Бірпартиялық аралас республика | ||||
Президенті Премьер-министрі Сахара ұлттық кеңесінің төрағасы |
Брагим Гали Мохамед Вали Акейк Хатри Аддух | ||||
Мемлекеттік діні | ислам | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы |
Әлем бойынша 83-ші орын 266 000 (іс жүзінде 50 000 жуық) км² | ||||
Жұрты • Сарап (2004) • Тығыздығы |
267 405 (іс жүзінде 40 000 жуық) адам (182-ші) 1 адам/км² | ||||
Экономикасы | |||||
Валютасы | сахара песетасы (EHP), бірақ айналымда негізінен марокко дирхамы (MAD), сонымен қатар алжир динары (DZD) және мавритания угиясы (MRO) жүреді | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | жоқ (.eh резервте) | ||||
ISO коды | EH | ||||
Телефон коды | +212 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC+1 | ||||
САДР-дың көп аймағы қазіргі уақытта Марокконың бақылауында, іс жүзінде САДР аумағы Еркін аймақ болып саналады |
Сахара Араб Демократиялық Республикасы қысқаша САДР (араб.: الجمهورية العربية الصحراوية الديمقراطية; ис. República Árabe Saharaui Democrática) — солтүстік-батыс Африкада орналасқан. Өзін тәуелсіз деп жариялаған, бірақ халықаралық деңгейде толықтай танылмаған.
Негізгі ақпараттар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ресми атауы: Сахара Араб Демократиялық Республикасы (САДР)
- Астанасы: Тифирити (де-факто)
- Халқы: 267 405 (қазіргі уақытта қақтысыстарға байланысты нақты сан белгісіз)
- Тілі: Араб тілі
- Діні: Ислам (сүнни)
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1975 жылы Испания батыс Сахарадан кеткеннен кейін, Марокко аймақты бақылауға алып, оны өзіне қосып, ал Алжир САДР-ды қолдады.
1976 жылы САДР жарияланды, оны ПОЛИСАРИО (Батыс Сахара халықтарының азаттығы үшін күрес) ұйымы басқарды.[1]
1991 жылы тыныштық келісімі жасалды, бірақ 1999 жылдан бастап қақтығыстар жаңғырып кетті.
Геоографиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]САДР — Атлант мұхитынан оңтүстік-батысқа қарай ұзынша жазық жер.
Жер бедері көбінесе құмды шөл. Қарашаңғырлы көлдер мен вадилер (құрғақ арналар) бар.
Климаты өте ыстық және құрғақ. Жауын-шашын өте аз, жыл бойына шамамен 100 мм.
Өсімдіктер мен жануарлар әлемі: Жердің құрғақшылығына байланысты өсімдік жамылғысы өте сирек, негізінен шөлді өсімдіктер (еркекшөп, джузгун т.б.) кездеседі. Жануарлар әлемі де тартымды емес, кейбір жыландар, кеміргіштер және құстар кездеседі.
Табиғи ресурстары: Фосфат, темір, марганец, мұнай және газ қоры бар.
Аумақтық бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]САДР екі бөлікке бөлінеді:
Шығыс Сахара: ПОЛИСАРИО бақылауындағы аймақ. Бұл жерде қиын жағдайлар болғандықтан, адамдар аз қоныстанған.
Батыс Сахара: Марокко бақылауындағы аймақ, оны Марокко өзінің оңтүстік провинциялары деп атайды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
|
|
|
|