Мазмұнға өту

Олимпиялық қалашық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Олимпиялық қалашық, ойындарға қатысушылар, ресми өкілдер, қызмет көрсетушілер орналасатын кешенді қалашық. Ол ХОК-тың атқару комитеті бекіткен және Олимпиялық хартияның талаптарына сай болуға тиісті. Алғашқы Олимпиялық ойындар өткен кезде әрбір ұлттық Олимпиялық комитет өздерінің құрама командаларының мүшелерін өздері орналастыратын. Ал 1924 жылы Париждегі IX Олимпиялық ойындар өткен кезде спортшылар ағаштан жасалынған шағын үйлерге жайғасты, соған байланысты осындай мекенжайлар кейін" олимпиялық қалашық" деп аталды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3