Мысыр
Мысыр (араб.: مصر – Miṣr; масрише: Máṣr), ресми түрде Мысыр Араб Республикасы — Африка құрылығының солтүстік-шығысын және Азиядағы Синай түбегін алып жатыр.[6]
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бүгінгі Мысыр – Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елі. Оның аумағының бір бөлігі - Синай түбегі - Азияда жатыр. Екі құрлықтың арасындағы шекара Суэц каналының бойымен өтеді. Мысырдың миллион текше километрден асатын аумағының 96% - бұл сирек кездесетін шұрайлы жерлерден тұратын шөлді дала, ал шөлді даланың аумақты бөлігі –құмды емес, таулы болып келеді. Қалған бөлігінде 70-миллиондық тұрғыны бар елдің 9 пайызды әлі күнге дейін өмір сүріп жатқан Нілдің алқабы мен атырауы. Тіпті ежелгі грек тарихшысы Геродот «Египет – Нілдің сыйы» деп айтқан болатын. Ұлы өзеннің арнасы мың жарым километрге созылып, оңтүстіктен, Суданмен жалғасып жатқан шекарасынан солтүстікке, Жерорта теңізінің жағалауына дейін, шығыс Арабия шөлейтін Батыс Ливия шөлейтінен бөліп жатыр. Нілдің бойындағы «тіршілік жолағының» арнауы оңтүстігінде бір километрден Каир ауданына дейін 20-25 километрге дейін жетеді. Құнарлы алқапты жан-жағынан шөл дала қоршаған.Бұл шөл далада су жоқ болғандықтан, адам өте сирек ұшырасады.Әдетте ондай бірен-саран кездесетіндер-көшпелі бәдәуилер.Негізгі малы-түйе,қой,ешкі.
Шөлейт жерлерінің өзі: құм, құм төбелер, көшпенділердің тілдерінде ғана атауы түсінікті – сарыдан, қою сары секілді күлгін түске дейінгі небір түстердің түрлері аса бір әсерде қалдырады.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ежелгі Мысыр – Африканың солтүстік-шығысында Ніл өзені бойында құрылған ертедегі мемлекет. Мысыр жерін адам баласы палеолит дәуірінен мекендей бастаған. Неолит кезеңінен климат өзгеріп, бұрынғы саванналарды құм басып, адамдар Ніл өзені бойына жинала бастады. Б.з.б. 4-мыңжылдық шамасында Ніл өзені бойына жиналған тайпалар (протосемит, бербер, кушит, т.б.) өзара араласып, Мысыр халқы қалыптасты. Халық санының күрт өсуіне, аңшылық пен балық аулау кәсіптері арқылы тамақ табудың қиындауына байланысты мал шаруашылығы мен егіншілік дами бастады. Қоғамның әрі қарай дамуы нәтижесінде алғашқы мемл. бірлестіктер пайда болды. Олардың арасынан екі мемлекет іріктеліп шығып, елдің оңтүстігінде жоғарғы Мысыр, ал солтүстігінде төменгі Мысыр патшалықтары құрылды. Б.з.б. 3-мыңжылдық шамасында жоғарғы Мысыр билеушісі Менес (Мена) төменгі Мысырды басып алып, елді біріктірді.
Ең ежелгі патшалық (б.з.б. 3000 – 2800) кезеңінде елді екі билеуші әулет кезек-кезек басқарды. Жерді суғару қолға алынып, мыстан қару-жарақтар, құрал-саймандар соғылды, айырбас сауда дүниеге келді. Нубияға, Ливияға, Синай түбегіне жорықтар жасалды.
Ежелгі патшалық (б.з.б. 2800 – 2250) үшінші әулеттің билікке келуімен басталды. Ауыл шаруашылығы, қолөнер, айырбас сауда мен құрылыс жұмыстары жетілдіріліп, жерге жеке меншік пайда болды. Перғауын мен мемлекеттік аппараттың билігі күшейтілді, тұрақты әскер құрылды. Құл еңбегін кеңінен қолдана отырып, перғауындарға арналған пирамидалар салынды.
Мысырдың бірінші бөлінуі б.з.б. 2250 – 2050 жылдары болды. Жер көлемінің тым ұлғайуына байланысты жергілікті тайпа көсемдерінің билігі күшейіп, нәтижесінде б.з.б. 23–22 ғасырларда Мысыр бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Ұсақ мемлекеттер өзара қырқыса бастады. Дегенмен сауда мен қолөнердің дамуы елдің бір орталыққа бағынуын қажетсінді. Сөйтіп, б.з.б. 21 ғ-дың ортасына таман ел қайтадан бірікті.
Орта патшалық (б.з.б. 2050 – 1700) 12-ші әулеттің билік басына келуімен тікелей байланысты. Өсақ иеліктер қайтадан бір орталыққа біріктірілді. Суландыру жұмыстары, қолөнер, сауда бұрынғысынан да өркендеді. Сириямен, Крит аралдарымен сауда байланыстары жақсарды. Бұл кезеңнің соңына таман орт-тың билігі әлсіреп, перғауындар арасында билік үшін күрес басталды. Мысырдың екінші рет бөлінуі кезінде (б.з.б. 1700 – 1580) елге солтүстік-шығыстан гиксос тайпалары шабуыл жасап, мемлекеттің көпшілік бөлігін басып алды да 110 жылдай билік құрды. Мысыр перғауындары тек елдің оңтүстік жағында үстемдік етті. 15–17 әулеттен шыққан перғауындар елден басқыншыларды қуып шығу үшін үздіксіз соғыс жүргізгенімен, тек 18-әулеттің тұсында ғана Мысыр толық азат етілді.
Жаңа патшалық (б.з.б. 1580 – 1070) кезеңінде қола мен темірден әр түрлі бұйымдар (соқа, жіп иіретін құралдар, дөңгелек, шыны-пиала, т.б.) шығарылды. Қазіргі Сирия, Палестинаға жасалған жорықтар нәтижесінде он мыңдаған тұтқындар құлға айналды. Арбакештер әскері пайда болды. Перғауындар – I Тутмос, III Тутмос, II Аменхотеп заманында Мысырға Сирия, Палестина, оңтүстікте Ніл өзенінің бастауына дейінгі жерлер қосылды және Вавилон, Хетт патшалықтарымен дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Елдің күшейген тұсы — III Аменхотеп (б.з.б. 15 ғ-дың 1-жартысы) заманы деп саналады. Б.з.б. 15 ғасырдың 2-жартысынан бастап Сирия үшін хеттермен, кейін "теңіз халықтарымен" және ливиялықтармен үздіксіз соғыс жүргізілді. Нәтижесінде б.з.б. 11 ғ-да елдің саяси-экон. жағдайы қатты нашарлап кетті.
Кейінгі патшалық (ливия-парсы) кезеңінде (б.з.б. 1070 – 332) ел қайтадан бір орталыққа біріктіріліп, экономика әрі қарай дамыды, металл ақшалар пайда болды. Бірақ кейін Мысыр. қайтадан ыдырай бастап, б.з.б. 671 жылы Ассирияның қол астына қарады. Дегенмен I Сайс Псамметих (б.з.б. 663 – 610) тұсында ел азат етілді. Оның мұрагері II Нехо Грекиямен және Жерорта теңізінің шығыс жағалауын мекендеген мемлекеттермен тығыз сауда байланысын орнатты. Бірақ б.з.б. 525 жылы елді парсы патшасы Камбис жаулап алды. Парсы билеушілері елдегі биліктерін сақтап қалу үшін Мысыр абыздарына көп жеңілдіктер жасады.
Грек-рим кезеңі (б.з.б. 332 – б.з. 395) Мысырды Ескендір Зұлқарнайын жаулап алуымен басталды. Аса ірі сауда және мәдени орталық – Александрия қаласының негізі қаланып, бұдан басқа да көптеген сауда және қолөнер орталықтары құрылды. Орта Азия, Үндістанға дейінгі елдермен байланыс орнатылып, Мысыр жерінде Батыс және Шығыс мәдениеттері біріктірілді. Алғашқы патшалықтар тұсында перғауын сарайларында арнайы мектептер ашылып, болашақ шенеуніктер даярланды. Мектептерде 5 – 16 жас аралығындағы ер балалар оқып, 12 жастан бастап әр түрлі мекемелерде көшірмеші, хатшылық жұмыстарды атқарды. Мектептерде сауатты жазу мен есепке баса назар аударылып, қосымша гимнастикалық жаттығулар, суда жүзу, өзін-өзі дұрыс ұстау үйретілді. Діни мектептерде астрономия мен медицина оқытылды. Ақсүйектердің балаларына әскери білім берілді. Математика ғылымы алгебра мен геометрияға бөлінді. Қарапайым алгебра есептері шешіліп, пирамидалар геометриялық жолмен салынды. Мысыр абыздары жұлдыздарды зерттеу арқылы жылды 3 маусымға (сулы-жаңбырлы, егінді, құрғақ) 12 айға бөлді. Әр айда 30 күннен болды. Ал қалған 5 күнді жылға қосты. Уақытты есептеу үшін құм және су сағаттары қолданылды. Елді мекендердің алғашқы карталары мен қалалардың жоспары жасалынды. Анатомия мен хирургия да жақсы дамып, өлген адамдардың денесі бальзамдалды, хирургиялық аспаптар пайда болды. Бұған қоса адам емдеуде магия, сиқыршылық, кері дуалап оқу әдістері кеңінен қолданылды. Денені мумиялау, дәрі-дәрмек, түрлі-түсті бояулар жасау арқылы химия ғылымы да дами бастады. Мысыр теңізшілері перғауындардың бұйрығы бойынша алыс елдерге саяхат жасады. Грек-рим мәдениеті келгенге дейін Мысырда нақты тарихи оқиғалар тек жартастағы жазулар мен аңыз-әңгімелер арқылы ғана сақталып отырған. Мысыр мәдениеті ежелгі дәуірде антик. мәдениеттің, кейіннен Еуропа және мұсылман мәдениеттерінің бастауы болды. Гректер Мысырды ежелгі данышпандар елі деп атап, оларды өздерінің ұстаздары санады.[7]
VII ғасырда Мысырды арабтар жаулап алды. Мұнда араб тілімен бірге өз діндерін – Исламды таратты. Мысыр 1952 жылғы революциядан кейін ғана шын мәніндегі ерікті мемлекетке айналды. Оған дейін көп жыл бойы Ұлыбритания үкіметі қол астында еді. Республикада 1952 жылғы революциядан соң көптеген зауыт, фабрикалар салынды.
1967 жылы Израиль мемлекеті Мысырдың Синай түбегін басып алды. Мысырдың халқы Израиль тартып алған Синай түбегін, басқа да араб жерлерін азат ету үшін қүресуде.
1974 жылы Мысыр халқы Суэц каналының шығыс жағасындағы Израиль әскерлерін кетуге мәжбүр етті. Канал бойымен Еуропа мен Америкадан Азия және Шығыс Африкаға кеме жолы ашылды.
Президенттері тізімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Мохаммед Нагиб 1953—1954
- Абдель Насер Гамаль 1954—1970
- Әнуар Садат 1970–1981
- Хосни Мүбәрәк 1981–2011
- Мохамед Тантави 2011—2012
- Мұхаммед Мурси 2012—2013
- Адли Мансур 2013
- Әбдел Фаттах Ас-Сиси 8 маусым 2014 бастап
Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Барлық еңбекке жарамды тұрғындардың 30% ауыл шаруашылығымен айналысады. Өнеркәсіпте тоқыма фабрикалары мен азық-түлік өндіру жөніндегі кәсіпорындарының маңызы зор. Хелундағы орзан зор металлургиялық комбинаттын өздерінің мол жерасты қазба байлықтары шикізатпен қамтамасыз етеді. Электр энергиясын ең алдымен Асуан гидростансасы береді. Табиғи газдың ірі жерасты қоры бар.
1979 жылдан шетел капиталдарының құйылуы анағұрлым өсті. Елдің барлық аудандарын бірімен-бірін жалғастырып жатқан жол құрылысы кеңейді, мектептер, емханалар салынды, сымтетік байланысы жаңартылып, кеңейді. Мысырдық фунт тұрақты валютаға айналды. Туризм индустриясы қарқынды дамуда - ондаған жаңа қонақ үйлер бой көтерді, Қызыл теңізде жаңа курорт орталықтары құрылды, көптеген ежелгі ескерткіштер қалпына келтірілді.
Музыкасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мысырдың бізге жеткен музыкалық аспаптары біздің заманымыздан бұрын 3 мың жыл жылдыққа саяды. Қабыт қабырғаларына, бедерлеп түсірген әншілердің, музыканттардың бейнелері музыканың ерте заманнан бастап дамығанын көрсетеді. Мысыр музыкасы ең алғашқы жеке дауыс түрінде қалыптасқан. Алғаш көп дауысты музыка Жаңа патшалық дәуірінде туғанға ұқсайды. ЕАР-ды мекендеген елдерде сақталып келген музыкалық аспаптардың төркіні Ежелгі Мысырда жатыр.
- Систра,
- Арфа,
- Флейта,
- Гобой,
- Керней
- Органдар,
- Әр түрлі барабандар, Дүние жүзінің мұражайларында сақтаулы жатыр. Музыка өнерін түсінудің этикалық негізі де Мысырда туған. Мысыр жазушылары музыканы пайдалы және зиян деп екіге бөлген.
Табиғаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ніл алқабында Мысырдың бай өлкесі мен атырауында жердің әрбір текше метрі барынша пайдаланылады. Мұнда бидай, арпа, қарақұмық, күріш, жүгері, мақта, қант құрағы, көкөністер, зәйтүн мен дәмдеуіштер өсіріледі. Орман, тоғайлар мүлдем жоқ, бірақ та Нілдің жағалауында құрма пальмалары өседі. Жеміс ағаштары, банан плантациялары мен жүзімдер Нілдің шұраттары мен атырауында өздерін өте тамаша сезінеді. Жерорталық жағалауларда негізінен пальма тығыз өскен жағажайлар, Синай түбегінде – көлденеңінен кесілген жатқалдар, барлық түске боялған тау реңжердері көз тартады. Шөлейттің ортасында шоқ тоғайлары мол өскен шұраттар, плантациялар мен мол өнімді дәнді дақылды егістіктері бар жасыл аралдар.
Мемлекеттік құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мысыр Араб Республикасының Басы және оның қарулы күштерінің жоғарғы бас билеушісі президент, “раис” деп аталады. Бұл лауазымды Хосни Мүбарак атқарады.
Парламенттің бес жылға сайланған 448 депутаты (тағы 10 президент сайлайды) бірдей үлесте шаруалар мен жұмысшылардың атынан сайланғандар. Билік етуші Хосни Мүбарак төрағалық ететін Ұлттық-демократиялық партия. Шураның (Парламенттің жоғарғы палатасы) 210 мүшесі кеңесу функциясын атқарады, олардың ішіндегі 57-ін мемлекет басшысы тағайындайды.
1971 жылғы Конституция – ислам мемлекеттік дін деп жариялады. Аймақтардың губернаторлары мен үлкен қалалардың әкімдерін зор өкілеттілік пен жауапкершілік тақты.
ЕАР ресми мейрамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1 қаңтар – Жаңа жыл
- 7 қаңтар – Рождество
- сәуір – Шам-эль-Нессим (пасхалы дүйсенбі), күні жыл сайын өзгеріп отырады
- 25 сәуір – Синай түбегін 1973 ж. Октябрь соғысында азат ету
- 1 мамыр – Еңбек күні
- 18 маусым – Мысырдан британ оккупациялық әскердің шығу жылдығы
- 23 шілде – 1952 жылғы революцияның жылдығы
- 23 қыркүйек – 1956 жылғы Израильді басып алу жеңісі
- 6 қазан – Қарулы күштер күні
- 24 қазан – Мысыр әскерінің 1973 жылы Суэц каналы алуы
- 23 желтоқсан – Мысыр әскерінің Порт-Саидты алуы
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бүгінгі күні Мысырдың тұрғындары 104 млн. адамнан асады және жыл сайын 1,3 млн. өсіп отырады. Каирда қазір 17 млн. адам өмір сүріп жатыр, бұл дегеніміз 50-ші жылдардағы барлық елдің тұрғындарының саны. Ежелгі египеттіктердің арабтанған ұрпақтары тұрғындардың 99% құрайды. Этникалық азшылықты нубийлықтар, сонымен қатар бедуиндер және өзге де көшпелі тайпалар құрайды. Тұрғындардың 80% - шаруалар (феллахтар)
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мысырдағы өзара сөйлесу тілі араб тілінің бір диалектасы, ресми тілі – “жоғары” араб тілі деп аталатын тіл. Арабтар оңнан солға қарай жазады.. Бірақ сандары солдан оңға қарай жазылып, оқылады. Мысырда ағылшын тілі білімі өте көмектеседі. Қалалар мен курорттық орталықтарда тұратын көптеген арабтар ағылшын тілінде тілдесе алады; жол көрсеткіштерінде және көше атауларында жие-жие ағылшын және латын шрифтері пайдаланылады.
Тұрмыс салттары мен ғұрыптары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мысыр– төтенше қонақжай ел. Қонақтарын қашанда ашық көңілмен қарсы алады. Мысырға миллиондаған саяхатшылар келген – олардың көптегені мұнда қайта-қайта келіп кеткен. Олардың ішіндегі ең танымалдары Нілдің бойындағы ғажайып елді сипаттаған жол жазбаларын қалдырған: математик Еуклид, географ Страбон, жазушылар Гюстав Флобер және Агата Кристи, Лоренс Даррелл және Э.М. Форстер. Тіпті жаугершілер де бұл елдің сұлулығына жәйбірақат қала алмаған. Ұлы Александр оған Александрияны сыйлаған; Наполеон, оның археологтары Ежелгі Мысырды ашқан, бір сапарында әскерлеріне қарап, толқи тұра: «Әскерлер, мына пирамидалардың биіктігінен сендерге қырық ғасыр қарап тұр!» деген сөздер айтқан. Мұсылмандар діні египеттіктердің өмірінің ырғағын анықтайды. Бұл таза сыртқы белгіден айқын көрінеді: мысалы күніне бес рет муэдзин дауыс күшейткіштен дінге сенушілерді намазға шақырады.. Ал рамазан айында түн күнге айналады. Күні бойы мұсылмандар ораза тұтып, күн батқаннан кейін ғана ауыз ашады. Бұл уақытта қоғамдық өмір тұрып қалады, мемлкеттік мекемелер тек 10.00-нан 14.00-ге дейін жұмыс жасайды.
Саяхатшы, әрине, мысырдықтардың, алдымен ауылдық жерлерде айқын көрінетін, бірақ та қала өміріне де бөтен емес ұлттық киімінің ерекшеліктеріне назар аударады. Мысырдықтар кең пішілген жейделер киеді, жәй адамдар әдетте ақ түсті таңдайды, ал әйелдер әр түрлі түстегі элементтермен әрлендіреген, қара түсте киінеді, арасында әшекеймен немесе шілтермен безендіреді. Көптеген әйелдер мұсылмандық құндылықтарға бет бұра күйеулерінің немесе жанұясының дегенімен хигаб – бетті жаппай, тек шашты жауып тұратын паранжының бір түрін, және ұзын кең көйлек – галабей киеді.
Дін
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мысыр Респуликасының діні - Ислам. Олар: 90% - Сүнни мұсылмандар, 5-6% суфи және 3-4% шиға.
Басқа ең үлкен діні - мәсіхшілік, бүкіл елде 16% осы дініге кіреді. Олардың көпшілігі Александрияның Копттік Православ Шіркеу мүшелер. Басқа да шіркеулер - Копттік Католик және Копттік Евангелик (Протестанттар).
Мысырдың заңдары Шариғатқа негізделеді.
Копт христиандары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Копт» сөзі арабтың «купт» сөзінен, ал оның өзі гректің «эгиптос» сөзінен шыққан. Бірақ түп тамыры одан да тереңіректе ежелгіегипеттік "Ха-Ка-Птах" сөзінен таралуы да мүмкін. Коптар Ніл алқабын мекендеген алғашқы египеттік христиандардың ұрпақтарымыз деп санайды. Египтегі христианшылдықтың пайда болған жері Александрия, бұл жерден ол елдің ішінде екі негізбен: анахореттік және монаштық қоғамдастық ретінде тарады. Коптар Иисус Христосқа екі – тәңірлік және адамдық табиғат емес, тек бір ғана тәңірлік табиғат қана тән деген сенімді ұстады. Әлемдік Халкидон Соборы 451 ж. монофизиттікті қате ілім деп айыптағаннан кейін, Египеттегі копт шіркеуі ортодоксалды христиан шіркеуінен ажырады.
Мысырды 641 жылы арабтар жаулап алғанға дейін бірнеше ғасырлар бойы христиан елі болып келді. Енді коптар Египеттің 68-миллиондық тұрғындарының ішіндегі шамамен 5-7 млн. деп саналады. Олар мұсылмандармен қатиар өмір сүреді, тіпті кейбір уақытта шіркеудің қоңыраулықтары мешіттердің мұнараларымен көрші орналастырылған.
Копт шіркеуінің басында патриарх тұр, қазіргі уақытта Шенуда ІІІ, резиденциясы Александрияда. Коптар ұқыпты сыйынады және пост (еттен және сүт тағамдарынан бас тартады) ұстайды. Олардың литургиясы православ ғұрыптарына жақынырақ.
Әкімшілік құрылысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мысыр Республикасы 29 аймаққа бөлінеді (арабша: muhafazat). Ал оларда ауданларға (markaz'лар) бөлінеді .
|
|
Мәдениет
[өңдеу | қайнарын өңдеу][өңдеу | қайнарын өңдеу]
Каир Египет астанасы Араб киноөндірістің және қазіргі заманғы араб музыка өндіру үшін жетекші орталық болып табылады.
Египтология
[өңдеу | қайнарын өңдеу][өңдеу | қайнарын өңдеу]
Египет ғалымдар үшін ең қызықты орындардың бірі. Ежелгі Египеттің мәдениетін, тілін және тарихын зерттейтін ғылым бар, оның ресми атауы - Египетология. Египетологияның негізі ғылым ретінде 1822 жылдың 14 қыркүйегінде Ж. Ф. Шампольона жариялауды қарастырады, онда ежелгі Египет иероглифтерінің жазу жүйесі дәл және нақты сипатталған болатын. Шамплоли туралы хабар Парижде 1822 жылдың 22 қыркүйегінде жазулар академиясында жасалды.
Танымал египтологтар:
- Бернардино Дроветти (1776—1852),
- Джованни Баттиста Бельцони (1778—1823),
- Жан-Франсуа Шампольон (1790—1832),
- Карл Лепсиус (1810—1884),
- Огюст Мариет (1821—1881),
- Генрих Бругш (1827—1894),
- Георг Эберс (1837—1898),
- Гастон Масперо (1846—1916),
- Флиндерс Питри (1853—1942),
- Людвиг Борхардт (1863—1938),
Александр Морэ (1868—1938),
- Говард Картер (1873—1939),
- Михаил Коростовцев (1900—1980),
- Мұхаммед Гонейм (1905—1959),
- Пьер Монте (1885—1966).
Тағы қараныз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ World Gazetteer: Die wichtigsten Orte mit Statistiken zu ihrer Bevölkerung
- ↑ Total area km2, pg.15. Capmas.Gov – Arab Republic of Egypt. Басты дереккөзінен мұрағатталған 21 наурыз 2015. Тексерілді, 8 мамыр 2015.
- ↑ Census.gov Country Rank. Countries and Areas Ranked by Population: 2017. U.S. Department of Commerce (2017). Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 мамыр 2013.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 6 сәуір 2016.
- ↑ a b c d Egypt. International Monetary Fund. Тексерілді, 3 мамыр 2018.
- ↑ 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 14 қыркүйек 2018.
- ↑ Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5
- ↑ Балалар Энциклопедиясы, 6 том.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
|