Мазмұнға өту

Малага

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қала
Малага
Málaga
Корридаға арналған алаң
Корридаға арналған алаң
Ту Елтаңбасы
Ту Логотипі
Әкімшілігі
Ел

 Испания

Автономды бірлестігі

Андалусия

Провинциясы

Малага

Ауданы

Малага-Коста-дель-Соль

Тарихы мен географиясы
Координаттары

36°40′00″ с. е. 4°29′00″ б. б. / 36.66667° с. е. 4.48333° б. б. / 36.66667; -4.48333 (G) (O) (Я)Координаттар: 36°40′00″ с. е. 4°29′00″ б. б. / 36.66667° с. е. 4.48333° б. б. / 36.66667; -4.48333 (G) (O) (Я)

Жер аумағы

395 км²

Биіктігі

603 м

Уақыт белдеуі

UTC+1, жазда UTC+2

Тұрғындары
Тұрғыны

568507 адам (2010)

Этнохороним

Malagueño, ña;Malacitano, na;boquerón, na (popular)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

29001-29018

malaga.eu  (исп.)

Малага картада
Малага
Малага
Малага картада
Малага
Малага

Малага (ис. Málaga [ˈmalaɣa]) — Испанияның оңтүстігінде орналасқан қала. Андалусия автономды бірлестігіне қарасты Малага провинциясының құрамына кіреді. Муниципалитет Малага-Коста-дель-Соль ауданында (комарка) орналасқан.

2010 жылғы мәліметтер бойынша тұрғындарының саны 568507 адамды құрайды. Алып жатқан жер аумағы 395 км² шамасында. Бұл қалада жағажайлар,көптеген қонақүйлер мен пансионаттар бар.Көлік торабы - Коста-дель-Соль.

Малага қаласын б.з.д VIII ғасырда Малака деген атаумен финикий тайпасы негізін қалаған.Римдік үстемдік кезінде ( б.з.д 206 жылдан бастап ) қала маңызды кемежай болып саналды.Ол уақытта қала Флавия-Маласитана (Flavia Malacitana) деп аталды.402 жылы вестгот тайпасы қаланы жаулап алады,ал 711 жылы Солтүстік Африкадан келген арабтар қалаға басып кіреді.Малага қаласы арабтардың келуімен жібек матасын өндіретін маңызды экономикалық орталыққа айналады.1487 жылы 19 тамызда кастилдік жасақ қаланы жаулап алады.Сөйтіп Малага қаласы Кастилияның құрамына кіреді. 1501 және 1568—70 жылдары морискі көтерілісі орталықтарының бірі болды.1868—1874 жылғы Испан революциясының кезінде,1873 жылы шілде айында Малагада бакунисттердің көтерілісі болды.1936—39 жылдары болған Азаматтық соғыс кезінде Малага қаласы республикалық флоттың базасы болды (1937 жылдың ақпан айында Италияның қолдауымен Франко әскері басып алғанға дейін).

Малагада туып-өскен танымал адамдардың қатарында суретші әрі мүсінші Пабло Руис Пикассо (бүгінгі таңда аэропортқа осы есім берілген),кино актері Антонио Бандерас бар.

1960 жылдары қатал франкисттік тәртіпке қарамастан Малага экономикалық серпілісті бастан кешіреді.Бұл серпіліс қалаға туристтердің бірден көптеп келуімен байланысты еді.Туристтердің басым бөлігі немістерден,ағылшындардан және бұрынғы КСРО азаматтарынан тұрды.Дәл осы уақыттан бастап Испан курорты Коста-дель-Соль танымал бола бастады және осы жылдары өнеркәсіп дами бастады.Бұдан басқа,қаланың гүлденуіне Солтүстік және Шығыс Еуропадан келген еңбекші мигранттардың әсері өте жоғары.

La Malagueta жағалауы.
Малагадағы әулиелі апта.

Жыл сайынғы мәдени мерекелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Әулиелі апта","Малага тамыз көрмесі" (Feria de Málaga) және "Малага фильм фестивалі" оқиғалары қалада жыл сайын өткізілетін мерекелердің қатарына жатқызылатын үш басты мейрамдар болып табылады.

Малага тамыз көрмесі.

Тамыздағы Feria de Málaga мейрамы кезінде бүкіл көше Испанияның мәдени және тарихи бұйымдармен безендіріледі.Бұл мереке кезінде адамдар билейді,тек жанды музыка ( Flamenco немесе Verdiales сияқты,Малаганың ұлттық музыкасы) қойылады.Сонымен қатар La Malagueta алаңында коррида ойыны өткізіледі.Кешкісін бұл думан Recinto Ferial мейрамымен жалғасады."Малага фильм фестивалі" (Festival de Málaga Cine Español (FMCE)) Испаниядағы тек кино мәселесіне қатысты өте маңызды фестиваль.Бұл жыл сайын сәуір айында бір апта бойы өткізіледі.

Бауырлас қалалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Малага келесі қалалармен достық қатынас орнатқан:

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]