Кинематографиялық Өнер және Ғылым Академиясы
Кинематографиялық Өнер және Ғылым Академиясы | |
Мүшелік: |
6 000 аса адам |
---|---|
Штаб-квартира: | |
Ұйым түрі: |
Киноұйым |
Басшылары | |
Президент: |
Бун Айзекс Шерил |
Құрылуы | |
http://www.oscars.org/ | |
Кинематографиялық Өнер және Ғылым Академиясы Ортаққорда |
Америкалық кинематографиялық өнер және ғылым академиясы (ағылш. Academy of Motion Picture Arts and Sciences, AMPAS) Калифорния штатында 11 мамыр 1927 жылы кинематографтардың қоғамдық бастаулар мамандарының ұйымы ретінде құрылған.
Академия 6 000-нан астам киноиндустрия мамандарын біріктіреді. Барлық Академия мүшелер саны, қазіргі уақытта дауыс беру құқығы, 6028 адамда бар. Оның ішінде: • Академияның мүшелерінің орташа жасы: 63 жасы. • 76% — ерлер. • 94% мүшесі — ақтар. • Барлық академик-актерлер саны: 1176 адам. • Барлық академик-режиссерлер саны: 377 адам.
Академиктердің көпшілігі Құрама Штаттарда тұрып жатқанына қарамастан, академияға қосылу мүмкіндігі әлемнің басқа бөлігінің қайраткерлеріне ашық.
Академия әр жылғы ұсынатын «Оскар» арқылы танымал. Одан басқа студенттік жүлделер және бестен көп емес кинодраматургтерді насихаттайтын «Никол» жүлдесі де бар. Сонымен қоса Маргарет Херик атындағы кітапхананы басқарады (Фейрбанкс атындағы кино өнеріне баулу орталығында), ол Беверли-Хиллзде, Калифорния штатында орналасқан, және Голливудтағы Пикфорд атындағы кино өнеріне оқыту орталығын да басқарады.
Оскар номинанттарын іріктеу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Академияның 15 бөлімшесі бар, олардың дауыс беру құқығы бар (актерлер, режиссерлер, композиторлар, монтаж жасау мамандары және т.б.). Әр бөлімшенің төрағасы бар (мысалы, актерлер бөлімшесінің төрағасы — Аннет Бенинг, режиссерлерде — Кэтрин Бигелоу). Әрбір 15 бөлімше өз саласында 5 номинантты таңдайды. Мысалы, актерлер номинанттарды төрт актерлік санатта таңдайды. Шүбәсіз барлық академиктер "Үздік фильм" санатындағы номинанттарға дауыс береді. Мысалы, "Үздік фильм" және "Үздік режиссер" номинацияларындағы айырмашылық анықталады. "Үздік фильм" санатында номинацияға түсу үшін кемінде 5% дауыс жинау қажет (яғни 300ден аса). Басты санаттағы Номинанттар саны 5 тен 10ға дейін болуы мүмкін. Актерлік санаттағы номинацияға қол жеткізу үшін 100 дауыс қажет. Басқа санаттар үшін шектеу қойылмаған. Барлық 15 бөлімше дауыс бергеннен соң, олар бюллетеньдерді аса ірі аудиторлық компаниялардың бірі - PricewaterhouseCoopers-ға жібереді, өз кезегінде дауыстарды санайды. Компания күрделі және бірнеше кезектен тұратын санау жүйесін пайдаланады, бұл қолдан жасау мен кез келген техникалық қателіктерге жол бермейді.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Академияны құру идеясы Луис Барт Майермен дүниеге келген, ол «Metro-Goldwyn-Mayer» (MGM) компаниясының басшысы. Кәсіби даулар мен индустрия образын жақсартатын ұйым құғысы келген. Сонымен жексенбінің кешінде, Майер және басқа үш студиялық тасымалдаушылар — актёр Конрад Найджел, режиссёр Фред Нибло және кинопродюсерлер Ассоциациясының басшысы Фред Битсон — осы мәселені отырып ақылдасады. Осынау бірегей клубтың шешімі жыл сайынғы банкет ұйымдастыру болды, бірақ марапаттау туралы әлі мәселе көтерілмеген болатын. Және олардың ұйымдарына келесі бес санаттың өкілдері ашық мүшелікке өте алатын болды, олар: актёрлер, режиссёрлер, сценаристтер, операторлар және продюсерлер[1].
Осы кездесуден соң Майер киноөндірістің ықпалды отыз алты адамнан топ құрып, ресми банкетке шақырады, ол 11 қаңтар 1927 жылы лос-анжелестік «Амбассадор» отелінде өтуге тиіс еді[2]. Ол жиналғандарға американдық кинематографиялық өнер және ғылым академиясын құратынын, кинематографияға еңбек сіңірген адамдарға ашық екенін мәлімдейді. Барлық банкеттегі қонақтар, оның негізін қалаушысы атанды.
Дуглас Фэрбенкс-үлкен академияның бірінші президент сайланды.
Академияны құрушылар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Актёрлер Продюсерлер |
Режиссёрлер Сценаристтер Техникалық қызметкерлер Заңгерлер |
Академияның Президенттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Президент бір жыл мерзімге сайланады және төрт мезгілден артық қатарынан сайлана алмайды.
- Дуглас Фэрбенкс (1927—1929)
- Вильям Демилль (1929—1931)
- М. С. Леви (1931—1932)
- Конрад Найджел (1932—1933)
- Теодор Рид (1933—1934)
- Фрэнк Ллойд (1934—1935)
- Фрэнк Капра (1935—1939)
- Уолтер Вангер (1939—1941, 1941—1945)
- Бетт Дэвис (1941; екі айдан соң кетті)
- Джин Хершолт (1945—1949)
- Чарльз Брэкетт (1949—1955)
- Джордж Ситон (1955—1958)
- Джордж Стивенс (1958—1959)
- Б. Б. Кахейн (1959—1960)
- Валентайн Дейвис (1960—1961)
- Уэндел Кори (1961—1963)
- Артур Фрид (1963—1967)
- Грегори Пек (1967—1970)
- Дэниел Тарадаш (1970—1973)
- Уолтер Мириш (1973—1977)
- Говард У. Кох (1977—1979)
- Фэй Канин (1979—1983)
- Джин Аллен (1983—1985)
- Роберт Уайз (1985—1988)
- Ричард Кан (1988—1989)
- Карл Молден (1989—1992)
- Роберт Реме (1992—1993, 1997—2001)
- Артур Хиллер (1993—1997)
- Фрэнк Пирсон (2001—2005)
- Сид Гэнис (2005—2009)
- Том Шерак (2009—2012)
- Хоук Кох (2012—2013)
- Шерил Бун Айзекс (2013 — бүгінге дейін)
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Сайт Академии киноискусства Мұрағатталған 28 маусымның 2014 жылы. (ағыл.)