Ион теңізі
Ион теңізі | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 169 мың км² |
Тереңдігі | 5121 м |
Орташа тереңдігі | 2083 м |
Орналасуы | |
38°6′4″N 18°17′41″E / 38.10111°N 18.29472°E | |
Ион теңізі Ортаққорда |
Ион теңізі (гр. Ιόνιο Πέλαγος [iˈonio ˈpelaɣos], итал. mar Ionio [mar ˈjɔːnjo]) — Жерорта теңізінің орталық бөлігі. Балқан түбегінің оңтүстік - батыс жағасы және Крит, Сицилия аралдары аралығында. Солтүстігінде Отранто бұғазы арқылы Адрия теңізімен, батысында Мессина бұғазы арқылы Тиррен теңізімен жалғасқан.
Жағалары (әсіресе шығысы - Грекия жағасы) қатты тілімдеген.
Ірі шығанақтары: Патраикос және Коринф, Италия жағасында - Таранто шығанағы.
Шығысында Ион аралдары бар.
Тереңдігі 4000 м - ден астам, ең терең жері 4594 м - ге жетеді. Беткі ағысы - айналмалы ағыс. Жылдамдығы 1 км/сағ - тай. Суының температурасы ақпанда 14 градустан тамызда 25,5 градусқа дейін. Тұздылығы 38%- дан астам. Түбінде температурасы 13 градус, тұздылығы 38%. Балық (скумбрия , қызыл тунец, камбала, кефаль) ауланады.
Ірі порттары: Патры, Керкира (Грецияда), Таранто, Катания (Италияда)[1].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974,5 том