Иллирик
Иллирик немесе Иллирия (көне грекше: Ιλλυρια, лат. Illyricum) - Балқан түбегінің көне атауы. Аймақта иллириялықтар тұрған, аймақтың да халықтың да атаулары олардың мифтік бабасы Иллирийдің есімімен қойылған. Орта ғасырларда бұл аймақтың Рим империясы үшін өте зор шарушылық және әскери-стратегиялық маңызы болған. Себебі бұл аймақ Батыс Рим империясы мен шығыс Византиялық империясының арасында байланыс түйіні болып табылады.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Иллирик Адрия теңізінің жағасында орналасқан, шығысында Велико-Горски тау жүйесі бар. Оңтүстігінде Эпирмен, Солтүстігінде Истрия түбегімен шектеседі. Иллирик маңайында стратегиялық маңызы зор Вис, Ластово, Млет, Хвар, Брач, Палагружа аралдары орналасқан.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Иллирияны ежелден түрлі далматиялық тайпалар мекендеді. Б.з.б 200 жж. қарай олар бір мемлекетке бірігуге жақын болды. Алайда, иллириялық қарақшылардың шабуылынан мезі болған Рим Республикасы Иллирияны жаулап алуға әскер жіберді. Македония патшасы Иллирияны қорғамақ болды. Бірінші Македон соғысында Рим жеңген соң, Иллирилық қарақшылардың құқықтары шектеліп, аймақта біртіндеп Рим ықпалы орнады.[1] Осы кезден бастап Рим Иллирияда келесі 6 ғасыр бойы үстемдік етті. Батыс Рим империясы құлаған соң остготтар Иллирияны, кейінірек Италияны басып алды. Алайда, Византия-Остгот соғысынан соң Иллирия түгелдей Византияға қосылды. Дегенмен, Византия үстемдігі VI ғасырдың соңына қарай әлсіреп, Иллирик бірнеше тайпаларға бөлініп кетті. Македония Реннесансы кезінде Византия Иллирияны қайтадан қосып алды. XII ғасырда Византия қайтадан әлсіреп, Иллирия енді бірнеше қала мемлекеттерге бөлініп кетті. Соның ішіндегі ең маңыздысы- Задар қаласын 1202 жылы төртінші крест жорығы кезінде кресшілер басып алып, оны Венецияға берді. Осыдан кейін, XIII ғасырда Венеция Иллирикті толықтай бағындырып, келесі 5 ғасырда Иллирия Венеция құрамында болды. Алайда, Вена конгресі шешімімен Иллирик Аустрия империясына берілді. [2]Бірінші дүниежүзілік соғыста Аустрия-Мажарстан жеңілген соң Иллирик Югославия патшалығына берілді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Нацистік Германия қысқа мерзімге Иллирикті оккупациялап, 1945 жылы Постдамдық конференция нәтижесінде Югославия Социалистiк Федеративті Республикасына қайтарылды. Югославия ыдыраған соң, Иллирик Хорватия, Албания, Черногория, Босния және Герцеговина мемлекеттерімен бөлісіп алынды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Древний Рим. 1000-летняя биография.
- ↑ https://www.google.com/url?sa=t&source=web&rct=j&opi=89978449&url=https://history-maps.com/kk/story/Byzantine-Empire-Macedonian-dynasty&ved=2ahUKEwiZkojapNGKAxVrGxAIHb-uKoYQFnoECCsQAQ&usg=AOvVaw0NNPng_whFIaVmZsvaU1ZH
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |