Игорь Васильевич Курчатов
Курчатов Игорь Васильевич (1902 – 1960) – КСРО-дағы атомдық ғылым мен техниканың негізін салушы, КСРО ғылым академиясының акад. (1943).Курчатов нейтронмен атқылау нәтижесінде пайда болатын ядролық реакциялардың тармақталу құбылысын ашты (1934). Оның басшылығымен Мәскеуде алғашқы циклотрон (1944), Еуропадағы бірінші атом реакторы (1946), дүниежүзіндегі бірінші өндірістік атом электр станциясы(1954) және термоядролық реакцияларды басқаруды зерттеуге арналған аса ірі қондырғы (1958) құрылып, кеңестік бірінші атом бомбасы (1949) мен дүниежүзіндегі бірінші термоядролық бомба (1953) жасалды. Семей ядролық полигонында жүргізілген атом бомбасын сынау жұмыстарына басшылық жасады. Лениндік сыйлықтың (1957), КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1942, 1949, 1951,1954) лауреаты. Социалистік еңбек ері атағын үш рет (1949, 1951, 1954) алган. 5 рет Ленин орденімен, т.б. орден және медальдер- мен марапатталган. Курчатов Қызыл алаңдағы (Мәскеу) Кремльдің қабырғасына жерленді. Курчатов есімімен Павлодар облысындағы қала, Санкт-Петербургтегі Физика- техникалық институт, т.б. аталған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |