Мазмұнға өту

Гидрология

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.

Гидрологиясу туралы ғылым. Гидросфераның қасиетін, динамикасын және жердің географиялық қабығындағы басқа элементтермен өзара байланыстылығын зерттейтін ғылым. Зерттейтін объектілері бойынша ол құрлық гидрологиясы және мұхиттар мен теңіздер (океанология) гидрологиясы болып екіге бөлінеді. Сумен қамтамасыз ету, электр қуатын алу, егін суару, көпірлер салу тағы басқалар. Мәселелерді шешу жөнінде гидрологияның маңызы өте зор.[1]
Гидрология( гидро-су және грек. logos – ілім) – табиғи суларды, оларда өтіп жатқан процестерді, олардың атмосферамен, литосферамен және биосферамен байланысын зерттейтін ғылым. Гидрологияның зерттеу нысандарына мұхиттар, теңіздер, өзендер мен көлдер, бөгендер, батпақтар, мұздықтар, топырақ және жер асты суларының физика-химия қасиеттері жатады. Жалпы гидрология мұхиттар гидрологиясына (мұхиттану) және құрлық гидрологиясына жіктеледі. Құрлық гидрологиясы зерттеу нысандары бойынша: өзендер гидрологиясы; көлдер мен бөгендер гидрологиясы (лимнология); батпақтар гидрологиясы (гельматология); жер асты суларының гидрологиясы (гидрогеология); мұздықтар гидрологиясы (гляциология) болып, ал зерттеу бағыты мен әдіс-тәсілдеріне қарай жалпы гидрология, гидрография, гидрометрия, инженер идрология және гидрологиялық болжам салаларына жіктеледі. Мұхиттану немесе мұхиттар гидрологиясы – дүниежүз. мұхитта өтіп жатқан физика, химия, геология және биология процестерді зерттейді. Мұхиттану мұхит физикасына (физ. мұхиттану, теңіз физикасы), мұхит биологиясы мен геологиясына, мұхит гидрографиясына, т.б. бөлінеді. Республика аумағындағы 85 мың өзен мен маусымдық жылғалар, 48 мыңнан астам көлдер, үлкенді-кішілі жүздеген бөгендер мен тоғандар, т.б. су объектілерінің гидрологиялық жағдайы олардың география орнына, жер бедеріне және климатқа тығыз байланысты қалыптасқан. Қазақстан жерінің жазық бөлігінде жиналған қар жамылғысындағы су ресурстары, қардың еру режимі, қар түсу мен қар еру кездеріндегі метеорология жағдайлар мен топырақтың гидрофизика ахуалы, т.б. факторлар мен деректер әр жыл сайын шығатын гидрология жылнамаларда жарияланып отырады.[2][3]

Гидрология — табиғи суларды және оларда болатын құбылыстар мен процестерді зерттейтін ғылым саласы. Жер туралы ғылымдар санатына жатады. Геофизикамен, географиямен (көбіне физикалық географияның бөлігі деп қарастырылады), сондай-ақ геология және биология ғылымдарымен тығыз байланысты. Гидрология пәніне гидросфера суының барлық түрлері: мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, батпактар, топырақ және жер асты сулары, сондай-ақ атмосфера сулары жатады. Зерттейтін нысандары бойынша гидрология құрлық гидрологиясы және мұхитты зерттеу болып бөлінеді. Гидрология XVII ғасырда қалыптаса бастады.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. *Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алматы, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.
  2. Қазақ энциклопедиясы
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  4. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0