Пенис
Жыныстық қатынас мүшесі (лат. penis) — үңгірқуысты кеуекті дене мен несеп-жыныс өзегінен тұратын мүше. Жыныстық қатынас мүшесінің үңгірқуысты денесі екі жыныстық мүше аяқшасынан тұрады. Олар оң және сол шонданай төмпектерінен басталады. Әрбір аяқшаны жақсы жетілген шонданай-үңгірқуысты бұлшықет сыртынан қаптап жатады. Жыныстық қатынас мүшесінің аталған екі аяқшасы өзара бірігіп, жыныстық мүшенің тақ денесін құрайды. Ол өз кезегінде сүйірленіп келіп үңгірқуысты дене ұшына ауысады. Үңгір-қуысты дененің ортасында, жыныстық қатынас мүшесінің ұзын бойымен бойлай жыныстық мүше пердесі орналасады. Жыныстық мүшенің үңгірқуысты денесін сыртынан тығыз дәнекер ұлпалық ақ қабық қаптап жатады. Ақ қабықтан үңгірқуысты дененің ішіне қарай серпімді талшықтар және бірыңғай салады ет миоциттерімен арқауланған тығыз дәнекер ұлпалы перделіктер (трабекулалар) бір-бірімен торлана байланысып, кеуекті денені құрайды. Перделіктердің аралықтарындағы ішкі беті эндотелиймен астарланған үңгірқуыстар қан тамырларынан дамып жетіледі. Қан үңгірқуыстарға жыныстық мүшенің терең артериялары арқылы ағып келеді. Жыныстық қозу кезінде жүйкелік тітіркеністің әсерінен шонданай-үңгірқуысты бұлшықет жиырылып, жыныстық мүшеден қанды алып шығатын жыныс венасын қысады да, қанның әрі қарай ағуын тоқтатады. Осының нәтижесінде үңгірқуыстар қанға толып, мүше көлемі мен ұзындығы ұлғайып қатаяды. Бұл процесті қобу (эрекция) деп атайды. Жыныстық қатынас мүшесі: айғырда — қаса, күйіс қайтаратын жануарлар мен қабанда — қамшы, төбетте — шүкі (түкі) деп аталады. Ол жыныстық мүше түбірінен, денесінен және басынан тұрады. Жыныстық қатынас мүшесінің түбірі мен денесін сыртынан қаптап жатқан тері, оның басына дейін созылып тік құрайды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |