Мәшһүр Жүсіп кесенесі
Мәшһүр Жүсіп кесенесі | |
Жалпы мәлімет | |
---|---|
Статусы |
Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші |
Түрі |
киелі нысан |
Сәулет стилі |
қала құрылысы және сәулет |
Орналасуы |
Павлодар облысы |
Мекен жайы |
Баянауыл ауданы, Мәшһүр Жүсіп ауылы |
Биіктігі | |
Төбесі |
күмбезді |
Дизайны мен құрылымы | |
Сәулетшісі |
М. Еңсібаев |
Картада орналасуы | |
|
Координаттар: 51°08′14″ с. е. 74°56′22″ ш. б. / 51.13722° с. е. 74.93944° ш. б. (G) (O) (Я)
Мәшһүр Жүсіп кесенесі – Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
Баянауыл ауданы, Мәшһүр Жүсіп ауылы.
Кезеңі, авторы
1931 жылы жерленген, жаңа кесене 2006 жылы тұрғызылды, авторы Б. Ибрагимов.
Тарихи дерек
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) – ақын, этнограф, ағартушы, қазақ халқының көрнекті өкілдерінің бірі, Баянауыл ауданының тумасы. Оның өмірі жергілікті тұрғындар ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын көптеген аңыздарға толы. Халық арасында Жүсіп Көпейұлының көріпкелдік қасиетке ие болғандығы және өлетін күнін алдын-ала білгендігі туралы аңыз айтылады: өлер алдында бір жыл бұрын ол барлық жақындары мен туғандарын жинап алып, өзінің мазарының құрылысы мен жобасы туралы өтінішін айтты. Осылайша, ақынның өтініші бойынша оның денесін жерге көмген жоқ. Ол денесінің 20 жылдан кейін бұзылмаған күйінде сақталатындығы айтты. XX ғасырдың 50-жылдары ескі мазарды бұзған кезде сәуегейдің денесі шындығында да бұзылмағандығын анықталды.
Сипаты
Бастапқыда жерлеу орнында ақынның табытына бас ию үшін адамдар құлшылық ететін бөлме тұрған. Басқа мазар өткен ғасырдың 70-жылдары қайта салынды. 2006 жылы жаңа кесене кешені тұрғызылып ашылды. Мұсылмандық салт бойынша есік шығыс жағында болу керектігіне қарамастан, Мәшһүр Жүсіптің өтініші бойынша кесенеге кіреберіс есік солтүстік жағынан орнатылды. Кейінгі құрылыста көне түркі мен ислам дәстүрі бір-бірімен үйлесім тапқан. Биік жерде орналасқан құрылыста 73 басқыштан тұратын баспалдақ бар. Ол ақын, сәуегейдің өмір сүрген жылдарын бейнелейді.
Кесененің артында бірегей жәдігерлер жиналған Мәшһүр Жүсіптің мұражайы орналасқан.
Кешен құлшылық ететін орын ғана емес, сондай-ақ атақты туристік нысан болып табылады.[1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9